Ұлтымыздың құндылығын дәріптеу мақсатында, мекеме қызметкерлері арасында «Отан – отбасынан басталады» атты келіндер сайысы өтті. Салтты сақтап, дәстүрді дәріптеу ұлтқа деген құрмет. Ал көнені ұмытпау, қайта жаңғырту, тарихта қалып бара жатқан халқымыздың бай мұраларын ұлттық құндылықтарын бүгінгі жастарға жеткізу, ол әрине баршамызға ортақ міндет.

Келін – қазақ шаңырағының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиешісі, келіннің іс-қимылы, жүріс – тұрысы әзиз аналар жағынан назардан тыс қалмаған. Тіпті құйған шайының өзін әжелер сынап отырған. Сайыста осы аталған дәстүрді ұстанып, 5 келін сынға түсті. Атап айтсақ:
1-ші келін орталығымыздың Тәрбиешісі – Нұрғожаева Маржан Елеусізқызы;
2-ші келін орталығымыздың дәрігер Психиатры – Оспанова Кунсулу Болатовна;
3-ші келін орталығымыздың Шаруашылық бикесі - Асканбаева Дана Амангельдыевна;
4-ші келін орталығымыздың Бала дәрігері – Турсункожанова Айдана Шарипхановна;
5-ші келін орталығымыздың Логопед маманы – Өсербай Қуанышгүл.
Сайыс 6 кезең бойынша өтті:
1. «Тегін білу – тектілік»;
2. «Өнерліге өріс кең»;
3. «Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы;
4. «Дәм – думан»;
5. “Келін кескен кеспе”;
6. Жіп иіру сайысы.
Әділ-қазылар алқасы өздерінің әділ бағасын беріп, келіндерге ақ тілектерін білдірді. Әділ-қазы алқасы мүшелері:
- Үржар аудандық "Асыл мұра" әжелер ансамблінің мүшесі - Бағи Қуанышбайқызы әжеміз;
- Аяулы жар, мәртебелі ана, үлгілі келін, ардақты ене - Токсеитова Сәуле Арапбайқызы;
- Аудандық Мәдениет үйінің әдіскері - Кикбаева Жеңісхан Жүнісханқызы;
- Орталығымыздың белсенді ата-анасы, қызмет алушымыздың әжесі - Шабданова Дария Оралқызы;
- Үржар аудандық "Уақыт тынысы" газетінің тілшісі, Үржар ауданының құрметті азаматы, ақын - Оспанов Амантай ағамыз;
- Орталық директоры аяулы ана, үлгілі келін, 7 немеренің әжесі - Салтанат Қаймолдақызы.
Сайысқа қатысқан келіндеріміз өздерінің шынайы ерекшеліктерін көрсетіп, қазақ келінінің кешегісін және бүгінгі бет-бейнесін көрете білді. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті.








