Жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін басты мерекесі. Орталығымыздың қызмет алушыларына арнап, Үржар ауданы әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Үржар ауданының әкімінің орынбасары Е.Н. Сейльгазин қатысып, аудан әкімінің жылы лебізі мен мерекелік құттықтауын қызмет алушыларға жеткізді.
Думанды шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының сомдаған қойылымдарымен ашылып, түрлі ойындарымен жалғасын тапты.
Жүздерінде нұр ойнаған бүлдіршіндер жылдың бас кейіпкері Аяз ата мен ақшақарды үлкен қошеметпен қарсы алды. Мерекелік кеште Аяз ата мен ақшақардың көңілінен шығу үшін барлық қызмет алушылар өз өнерлерін жарыса көрсетті.
Мерекелік кешке тұрақты демеушілеріміз тәтті сыйларын әкеліп, жылдағы үрдіс бойынша балаларға таратты. Кең пейілділік пен жомарттық танытқан демеушілерімізге шексіз алғыс айтамыз.
- Үржар ауданы төтенше жағдайлар бөлімі басшысы азаматтық қорғау подполковнигі Саянов Бектығазы Бекболатұлы;
- Абай облысы ПД Үржар АПБ бастығы полиция полковнигі Оразғалиев Ролан Оразғалиұлы;
- «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысы Серкебаев Айдын Серікқазыұлы
- Үржар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жумадилов Еркін Жұмақанұлы
- Ақжар ауылдық округінің әкімі Виктор Васильевич Шуцкий
- «Б.Турлыханов атындағы орта мектебі- бақшасы» КММ директоры Арқабаева Манар Хасенқызы.
Жаңа жыл-әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін!