Астана қаласында 26-28 маусым аралығында боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен “Children Paralympic Games -2025“ спорт фестивалі өтті. Бұл паралимпиадалық спорт түрі бойынша ең ауқымды жарыс. Чемпионатқа еліміздің 20 қаласынан 450-ден астам спортшылар қатысты. Боччадан чемпионатқа біздің мекемеден 9 боччашы спортшылар қатысып, керемет нәтиже көрсетті. Атап айтатын болсақ:
Аблайхан Бекжан - 1 орын🥇
Ғалым Фатима - 1 орын🥇
Бисултанова Раяна - 1 орын🥇
Аширова Айғаным - 2 орын🥈
Кабирова Ажар - 2 орын🥈
Мухаметсадық Мухаммет - 2 орын🥈
Жұмабек Еркеназ - 3 орын🥉
Жасұланов Әлижан - 3 орын🥉
Төкен Әсер - 3 орын🥉 иеленді🎉🎉🎉
Инклюзивті спорт фестивалі және Боччадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті!
Сонымен қатар, боччадан спортшыларымызды жаттықтырып, мықты команда құра білген жаттықтырушы - Манабаев Бағланға және барша қолдау көрсетіп, балаларды осы сайысқа әкеліп, белсенділік танытқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз!
Чемпионатқа қатысқан барлық спортшыларымызды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орталығымыздың мерейі әрқашан үстем болып, қызмет алушыларымыздың жұлдыздары жарқырай берсін!