Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған « Асыл мұра»облыстық қолөнер шеберлерінің фестивалінде ауданымыздың атын шығарып, тамаша көрмені ұсынған «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің еңбек нұсқаушылары және орталық қызмет алушыларымен біріге отырып жасаған қолөнер туындылары «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленіп, 200000 теңгенің сертификатын жеңіп алды.
Көрмеге қолөнер туындыларын ұсынған еңбек нұсқаушылары мен орталық қызмет алушыларын жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ауданымыздың мерейі әрқашан үстем болып, абыройы асқақтай берсін!