Отбасы күніне орай «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Отбасы – бақыт ошағы» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған тағылымды шара «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен өтті. Жарысқа орталығымыздың әр тобынан ата-аналар қатысып, түрлі қызықты спорттық ойындар мен сайыстарда бақтарын сынады. Қатысушылар шапшаңдық пен ептіліктерін, ұйымшылдықтары мен белсенділіктерін көрсетіп, шараға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Марапаттау рәсімінде жүлделі орындарға ие болған отбасыларды «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Абдрахманова Гульнар Акбаровна марапаттап, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, іс-шараға белсене қатысқан ата-аналар «Әділет» партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Осындай мазмұнды әрі көңілді шаралар отбасы мүшелерін жақындастырып, өзара сыйластықты арттырып, бірлік пен татулықты нығайта түсетіні сөзсіз.
Отбасы – жылулықтың мекені, береке мен бақыттың бастауы!
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен жақсы көңіл күйлері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Мәдени ұйымдастырушы: Мукатаева Асем Мауытхановна