«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бойынша «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара туралы ақпарат.
Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жыршысы, ынтымақтың белгісі өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мейрамы “Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-де жылдағы үрдіс бойынша биыл да жоғары деңгейде аталып өтті.
Жыл сайын ерекше ұйымдастырумен өтетін «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз!» мерекесі мамандардың орындауындағы театрландырылған“Наурыз-береке бастауы” көрінісімен тойдың шымылдығы ашылды.
Мерекелік шараға Қыдыр ата келіп жиналған барша жұртқа ақ батасын берді. Еңбек нұсқаушысы Касымжанова Эльмира Қазықанқызының орындауындағы «Елге сәлем!» әнімен шашу шашылды. Бүгінгі Әз Наурыз мерекесіне біздің орталыққа және қызмет алушыларға үнемі демеушілік көрсетіп келе жатқан ауданымыздың жаны жайсаң, мейірімді, жомарт қол азаматтары қонақ ретінде арнайы шақырылды.
Атап айтсақ:
1. Үржар ауданы әкімінің орынбасары – Турлыбеков Әнет Біржанұлы
2. "AMANAT" партиясы Үржар аудандық филиалының төрағасы Елдос Жабайылұлы
3. Ақжар ауылдық округінің әкімі Сеилгазин Ермек Нұрланұлы.
4. Абай облысы мәслихатының депутаты Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы
5. «Некрасовка и К» ЖШС директоры. Мусабаев Бактыбек Токашевич
6. Үржар аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Мақсат Қайратұлы СЭС.
7. Үржар ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Еркін Жұмақанұлы.
8. «Үржар аудандық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Кантарбаева Кундуз Сакеновна.
9. «Мақаншы аудандық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Жарасханов Даурен Жарасханұлы.
10. Үржар аудандық ішкі істер бөлімі басшсының орынбасары, майор Садыгулов Медет Асхатұлы.
11. «АйТим» мейрамханасының басшысы Майра Мұхатқызы.
Орталық мамандары қонақтардың құрметіне ауылдың алтыауызын шырқап қыздар мен жігіттер айтысын ұсынды.Топ қызмет алушылары мен мамандар қазақтың ұмытылып бара жатқан «Қойбасты», «Қымызмұрындық», «Ерулік» сияқты көне салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті.
Мерекеге жиналған қауым төрге жайғасып, берекелі дастарханнан дәм татты. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, өнерлі қызмет алушылар мен мамандар ән шырқап, би биледі. Атап айтсақ , логопед маман Өсербай Қуанышкүл мен өнерлі өреніміз Берік Ақжол «Қара жорға» биін, Ғалым Ф мен Жұмабек Е “Келді көктем құлпырып” әнін, Жасұланов Ә «Бір ел болса», Искакова А «Билеші биле» әнімен, Бисултанова Р, Серғалиева Д «Қос құрбы» биін билеп көрермен көзайымына айналды.
Шара соңында орталық директоры С.Селиханова құттықтау сөз сөйлеп, спорттық ойындарға белсене қатысқан және әр топтың жайған дастархандарын әділқазылар бағалады. «Ең дәмді Наурыз көже», «Берекелі дастархан», «Қазақы дастархан» «Үздік дастархан» «Ең дәмді бауырсақ», «Ең әдемі ұлттық киім”, номинацияларымен марапаттап, сыйлықтарын табыстады.
Ұлттық мерекемізді жылда ерекше өткізудегі мақсатымыз – қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ұлық мерекені ұлықтау, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық ойындар мен тағамдармен жете таныстыру, ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа шақыру.
Наурыз мерекесі баршамызға тек жақсылық әкелсін, ең бастысы, еліміз бен жерімізде тыныштық, ауызбіршілік, береке болсын!