Өмірдің талай белесін артқа қалдырып, еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырған жандардың орны қашанда бөлек. Олардың әрбір айтқан ақылы – тағылым, әрбір жасаған ісі – кейінгіге үлгі.
Осыған орай қарттар күні аясында орталығымызда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, өздерінің білімі мен тәжірибесін, жүрек жылуы мен адамгершілігін арнаған ардақты зейнеткер қызметкерлерге арналған «Ғұмырдың алтын белесі» атты мерекелік кеш өтті.
Кештің басты мақсаты – ардақты жандарға деген шынайы құрметімізді білдіріп, еселі еңбектеріне алғыс айту, бірге өткізген жылдарды еске алып, ақжарма тілектерімізді жеткізу болды.
Мерекелік кеште орталық қызмет алушылары мен мамандары өз өнерлерін ортаға салып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалып, қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Әсіресе, орталық қызмет алушыларының өнер көрсетіп, өздерінің жылы лебіздерін білдіруі кештің ерекше әсерлі сәттерінің біріне айналды.
Бұл кеш – жай ғана мерекелік бас қосу емес, өткенге тағзым, бүгінге құрмет, келешекке өнеге болған тағылымды кездесу болды.
Орталығымыздың тарихын қалыптастырған, талай жылдық еңбегімен өшпес із қалдырған асыл жандардың өнегелі істері ұжым жадында мәңгі сақталады.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке мен бақыт тілейміз!
Ғұмырларыңыздың әрбір күні қуанышқа, әрбір жылы жақсылыққа толы болсын!
#ҒұмырдыңАлтынБелесі
#ҚарттарКүні
#ҚазыналыҚарттарым
#ҰрпаққаӨнеге
#Үржар