Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы 250-ші үкіміне сәйкес елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы өткізіліп келеді. Осы аталған байқауға орталығымыздың Турдахуновтар отбасы қатысып, аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Облыстық кезеңге жолдама алып, 2025 жылы 28 тамызда "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қорытынды кезеңінде облыс әкімінің арнайы дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әріптестеріміз Ерлан Сабырұлы мен Наргүл Тұрсынбекқызына мықты денсаулық және баянды отбасылық бақыт тілейміз.