Орталығымызда ақиық ақын, артына өшпейтін із қалдырған, талантты тұлға Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық торқалы мерей тойына орай «Мұқағали жыры – рухтың үні» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Ақынның шығармаларын насихаттау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ақын рухына тағзым ету, рухани дамуына үлес қосуға бағытталды. «Жас өркен» тобының қызмет алушысы Болатбек Ердос ақынның «Бүгін менің туған күнім» өлеңімен кешті бастады.
Орталық мамандары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша сахналық көріністі поэзияға жақын мамандарымыз Д.Мукушев автор, әке рөлінде тәрбиеші Д.Енсебаев, ана рөлінде тәрбиеші Т.Букетжанова, жылқышы рөлінде дене тәрбиесі маманы Шалгимбаев Бақытжан, аққулар логопед Өсербай Куанышгүл, «Ұландар» тобының қызмет алушылары Бисултанова Раяна мен Бостекбаева Аружан сомдап шықты. Ақынның «Ана» тақырыбына арналған "Ана сен бақыттысың" өлеңін орталығымыздың түлегі Б.Манабаев оқыды және «Балдәурен» тобының бүлдіршіндері «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» әнін орындап, қошеметке ие болды. Халықтың жүрегінен орын алған «Есіңе мені алғайсың» әнін ЛФК маманы С.Жұмай орындады.
Махаббат лирикасына арналған "Ғашықпын" жырымен дефектолог маманы Д.Мукшев және "Ұнатамын мен сені", "Туған өлкем"әндерін Э.Касымжанова орындады.
Жадымызда жаңғырған жыр жолдарынан үзінді оқыған орталық тәрбиеленушілері Мұхаметзияданова Гүлнұр, Қыдырбек Күмісай, Бостекбаева Аружан, Мұстафин Ералы. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған "Отаным" әнін орталық тәрбиеленушілері Жасұланов Әлижан мен Еркін Нұрәділ орындады.
Кешіміз орталық тәрбиеленушілері Жұмабек Еркеназ, Еркін Нұрәділдің орындауындағы "Бақыт деген" әнімен аяқталды.