Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу мақсатында әр топта «Ерлік пен намыс – ұрпаққа өнеге» атты тәрбие сағаты өтті.
Шара барысында балаларға халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған батырлар мен ел қорғаған ержүрек азаматтардың өмірі мен ерлігі туралы мағлұматтар берілді. Ерлік, батылдық, намыс, отансүйгіштік ұғымдарының мәні түсіндіріліп, олардың адам өміріндегі маңызы кеңінен айтылды.
Балалар тақырыпқа байланысты әңгімелер тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар елін қорғаған батырлардың ерлігін үлгі ету, үлкендерді құрметтеу, туған жерді қадірлеу жөнінде тәрбиелік бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Елін сүйген ер – ел есінде» дегендей, батырлардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге. Осындай тәрбиелік шаралар арқылы балалардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, батылдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Ерлік пен намысты ту еткен ұрпақ – ел болашағының берік негізі.