23 сәуір күні облыстық “Елден сәлем” мәдени жобасы аясында Аягөз қаласы “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” атындағы аудандық мәдениет үйінде Үржар ауданы күнінің өткізілуіне орай “Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-нің қызмет алушыларының өз қолдарымен жасалған қолөнерлері ұсынылып, сонымен қатар “Үкілі Үржар-ән, жырым” атты концерттік бағдарламада өнерлі қызмет алушымыз Тыныбекова Мөлдір және жетекшісі Қасымжанова Эльмира Казыкановна “Алманың атамекені” әнін орындап халықтың ыстық ықыласына бөленді.