«Бочча» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы инклюзивті спорт түрі. Бүгінгі таңда бұл ойын қарқынды дамуда. Ауданымызда 2022 жылдан бастау алған бұл спорт түріне күн санап қызыққан азаматтар саны еселеп артуда. «Бочча» ойыны дәлдікті, байсалдылықты талап етеді және тактикалық ойлауды дамытып, ептілік пен ұқыптылықты, төзімділікті қозғалыстарды үйлестіруді дамытады.
Яғни, аталған спорттың балаларға пайдасы жетерлік. Қуанышымызға орай, бұл құбылыс біздің ауданымызға да жаңа леппен жетті. Бұл игі бастамаға «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы Самұрық Қазына Траст қорының қолдауымен тең мүмкіндіктер әлемі Қазақстанда іске асырылды.Қазақстан парламенті сенатының төрағасы және Қазақстан Республикасы Бочча Федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев пен Ұлжекова Нұргүл Төленқызы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры және өзінің бас серіктесі Samruk Kazyna Trust қоры қолдау көрсетіп, демеушілік жасап келеді. Бүгінде Қазақстанның 22 қаласында параолимпиядалық спорттың 11 түрімен 1090 адам айналысады.
Спорттағы инклюзияны бір сөзбен мүгедектердің айналасындағы қоғаммен қарым- қатынасына өте маңызды байланыс нүктесі деуге де үлкен негіз бар.Үржар ауданында 2022 жылдың қазан айынан бастап Бочча спорты қолға алынды.Қазіргі таңда 2 топта 22 бала жаттығады.Жаттықтырушысы Манабаев Бағлан Ержанұлы.
Орталығымызда биылғы жылы үшінші рет «Children paralympic games-2025» инклюзивті спорт фестивалінен іріктеу жарыстары өтті.Жарысқа барлығы 15-спортшы қатысып, оның ішінде 6 спортшы Аблайхан Б, Кабирова А,Төкен А, Аширова А, Ғалым Ф, Бисултанова Р І-орынды, II- орынды Қасенова А, Мустафин Е, Серік М,Еркін Н,Арғынбек К,Берік А. ІІІ-орынды Камелхан А, Болатбек Е иеленіп, арнайы кубок және алғыс хаттармен марапатталды.
Бірінші орынды иеленген спортшылар маусым айының 24-26 күндері өтетін боччадан Республикалық жарысқа жолдама алды.Барлық спортшыларға аудан әкімінің орынбасары Баймұрзаев А.А және аудандық «AMANAT» партиясы Үржар аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Е. Ж, «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры Селиханова С.К сәттілік тілеп, алдағы өтетін додаға спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.
Алдағы Астана қаласында өтетін Республикалық паралимпиадалық ойынға жолдама алған спортшыларға сәттілік тілейміз!