Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды қадамдарын айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін айтулы мереке. Бұл күн – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, Отанымыздың тарихы мен құндылықтарын құрметтеуге үндейтін ерекше күн.
Осы мерекеге орай «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «Бір шаңырақ астында – бір жүрек, бір Отан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік бағдарлама Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген құрметті дәріптейтін өнер көрсетілімдерімен жалғасын тапты.
Іс-шара барысында орталықтың қызмет алушылары мен түлектері «Туған жер» әнін хормен орындап, «Батырлар ұраны», «Бала тілегі», «Қазақстаным – Отаным», «Көк тудың желбірегені» сынды патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, әдеби монтаж, би өнері және флешмоб көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Осындай тағылымды шаралар балалардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ел тарихын бағалауға және бірлік пен ынтымақты нығайтуға ықпал етеді.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, көк байрағымыз әрдайым желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!