"Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де күздің берекесі мен молшылығын дәріптейтін «Берекелі Алтын күз» атты жәрмеңке ұйымдастырылып, мерекелік шара жоғары көңіл-күймен өтті.
Жәрмеңкеге ата-аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосып, түрлі күзгі өнімдер мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Әсем безендірілген жәрмеңке көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көңілді өнер көрсетілімдері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Ал шара соңында жәрмеңкеге белсене қатысып, өз үлесін қосқан ата-аналарды орталығымыздың директоры Селиханова Салтанат Қаймолдақызы алғыс хаттар табыстап, еңбектері мен белсенділіктерін атап өтті.
Жәрмеңкеге атсалысып, қолдау көрсеткен барша ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, молшылық пен береке тілейміз!
Берекелі күз – молшылықтың бастауы!
Мәдени ұйымдастырушы: Мукатаева А.М