Бүгін «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «8-наурыз Халықаралық әйелдер» күніне орай «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Адам бойындағы барша асыл қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен дариды.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай дейтініміз, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.
Аталған іс-шараға қызмет алушылардың аналары мен әжелері келіп қатысты.Барлық топтың тәрбиеленушілері аналарына деген ыстық сезім мен ілтипаттарын ән, би, композициялық қойылымдар арқылы жеткізе білді.Атап айтсақ, «Анашым» атты хорменашылып, орталығымыздың жас мамандары Мукушев Дәурен мен Тажуева Назгүлдің «Айжарық» әнімен жалғасты. «Балдәурен» тобының кішкентай бүлдіршіндері
Ғалым Фатима мен Жұмабек Еркеназ «Келді көктем құлпырып» әнін орындаса, «Балапан» тобының тәрбиешісі Маржан Елеусізқызы «Мама» әнімен және топтың кішкентай балапандары тосын сый арқылы сыйлықтарын аналарына ұсынды.Орталығымыздың мақтаныштары Абылайхан Бекжан «Анашым» әнімен Искакова Айжан «Билеші, биле!»Еркін Нұрәділ «Рахмет, әке,ана!» Серғалиева Диляра «Ата-анаға алғыс» Тыныбекова Мөлдір «Ана» әндерін тебірене орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Ұландар» тобының қызмет алушылары мамандармен бірге көңілді әуендерді ұрмалы, сілкімелі аспаптар арқылы тамаша орындады. Заманауи биді қырмызы қыздарымыз Арғынбек Кәусар, Барат Бибі, Қызырбек Таңшолпан, Ережепова Арай, Тимурқызы Раяна, Мадиярқызы Аймарал билеп шықты.Орталығымыздың директоры Селиханова Салтанат Қаймолдақызы барша аналарды шын жүректен тебірене құттықтап , ыстық алғысы мен лебізін білдірді.Шара соңында аналар өздерінің жүрек жарды тілегі мен алғыстарын жаудырды. Барлық тәрбиеленушілер аналарына өз қолдарымен жасаған құттықтау хаттарын ұсынды.