Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні. Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Орталығымызда ризашылық күніне арналған «Алғыс – сөздің асылы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара «Анажан» хорымен басталды.
Хордың жеке орындауында орталық қызмет алушылары Жасұланов Әлижан, Еркін Нұрәділ, Жұмабек Еркеназ орындады.
Асылбек Енсеповтың «Концерт» атты музыкалық туындысын балалар музыкалық аспаптар оркестрі орындап шықты. Балдәурен тобының қызмет алушылары «Құттықтаймын, мама туған күніңмен!» әнін орындап, қошеметке ие болды.
«Мечта» әнін орталығымыздың тәрбиешісі Галина Тоцких және «Жас өркен» тобының қызмет алушысы Тыныбекова Мөлдір көрермендердің жүрегіне жеткізе орындады. Мерекелік іс-шара
орталығымыздың қызмет алушысы Бисултанова Раяна және дефектолог Махмудова Сабинаның орындауындағы «Грузин» биімен жалғасты.
«Мен бақытты баламын» әнімен «Балдәурен» тобының қызмет алушысы Слямқан Елдана көрермендердің қошеметіне ие болды. Мұқағали атамыздың «Отаным» әнін орталығымыздың қызметалушылары Еркін Нұрәділ мен Жасұланов Әлижан орындап шықты.
Белгілі ақын, жерлесіміз Жабайыл Бейсеновтың «Ауылым» әнін орталығымыздың ЛФК маманы Жұмай Сырым орындады. «Алғыс» әнімен орталығымыздың еңбек нұсқаушысы Қасымжанова Эльмира шықты. Мерекелік іс-шараның соңы орталығымыздың тәрбиешісі Галина Тоцкихтың орындауындағы «В небе беркут» әнімен аяқталды.