Бүгін «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «8-наурыз Халықаралық әйелдер» күніне орай «Ана мейірімі – шексіз әлем» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Ана – барлық өмірдің бастауы.
Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен ардақты жан.
Аталған іс-шараға қызмет алушылардың аналары мен әжелері келіп қатысты. Барлық топтың тәрбиеленушілері аналарына деген ыстық сезім мен ілтипаттарын ән, би, композициялық қойылымдар арқылы жеткізе білді.
Атап айтсақ, «Анажан» атты хормен ашылып, Асылбек Енсеповтың «Концерт» атты музыкалық туындысын Балалар музыкалық аспаптар оркестрімен жалғасты. «Еркетай», «Балапан», «Балдәурен», «Жас өркен», «Жас ұлан», «Ұландар» тобының қызмет алушылары өнерлерін көрсетіп, аналарына өз қолдарымен жасаған құттықтау хаттарын ұсынды. Тыныбекова Мөлдір «Ана», Бөстекбаева Аружан «Мама» әндерін тебірене орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Ұландар» тобының қызмет алушысы Бисултанова Раяна, дефектолог Махмудова Сабина «Грузин» биін билеп шықты. «Жас өркен» тобының қызмет алушысы Тлегенова Еркежан «Үнді» биін билеп, қошеметке ие болды., аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады.
Орталығымыздың директорының орынбасары Қасымов Ардақ Турсынтаевич барша аналарды шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді.